Павлодарда ішінде адамы бар көліктің үстіне үлкен ағаш құлады (ВИДЕО)

/
Павлодарда ішінде адамы бар көліктің үстіне үлкен ағаш құлады (ВИДЕО)

19 маусым күні күндіз Павлодарда соққан күшті жел салдарынан ағаш құлап, Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл автокөліктің үстіне түсті. деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбаларда ағаштың құлау сәтінде көлік салонында жүргізушінің болғаны байқалады.

Қазір оның жағдайы нақтыланып жатыр. Жолаушылардың бар-жоғы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Төтенше жағдай қаладағы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты орын алған. Синоптиктердің хабарлауынша, сол күні Павлодар облысында секундына 20 метрге дейін жететін екпінді жел тұрған.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары