Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Тұңғышына әкелік тілегін де жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ал құлыным құтты болсын! Сенің кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанғаныңды көріп кеудемді мақтыш кернеген сәт есімде.Шүкір Аллаға бүгін мектеп босағасынан жігіт болып жаңа өмірге қадам басқалы жатырсың.Бұл білім ордасын яғни мектебіңді есейдім екен деп есіңнен шығарма балам.Дәл осындай мектепке менде қарызбын.Босағасын аттаған бар адамзат қарыз балам.Тарыдай болып кіріп,таудай болып шықтың балам.Біріші Аллаға,екінші оқытқан барша ұстаздарыңа ризамын,және алғыс айтам. Балам алдымен аман бол содансоң адам бол.Білімді болсаң биіктер өзі шақырады.Мен саған сенемін құлыным.Ата анамды риза етемін деме,елімді риза етемінде ішінде біз бармыз балам.Әрі қарайда жоғарғы оқуыңды жақсы оқитыныңа бек сенімдімін Бек-Олжас», - деп жазды әнші.