17 жастағы бозбала психотроптық заттарды таратқаны үшін 7 жылға сотталды

/
17 жастағы бозбала психотроптық заттарды таратқаны үшін 7 жылға сотталды
istockphoto.com

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түлкібас ауданының 17 жастағы тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттарды таратқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында Мыңбай ауылында тұратын жасөспірім Telegram-арналары арқылы есірткі бизнесін ұйымдастырушылармен байланыс орнатып, бірнеше ай бойы Шымкент және Сарыағаш қалаларында есірткі курьері ретінде жұмыс істегені анықталды.

Қылмыстық схемаға психотроптық зат — меткатионды (мефедронның аналогы) алу және буып-түю, орау материалдарын сатып алу, әртүрлі мекенжайларға “қалта” жасау және арнайы шифрланған байланыс арналары арқылы есеп беру кіреді.

Төлем криптовалюта арқылы жүргізіліп, P2P-сервистер арқылы теңгеге аударылған.

Күдіктіден 29 орам есірткі және тағы 26 орамда 41 “қалта” табылып, тәркіленді. Жалпы салмағы 136 грамнан асады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары