«Қуандық Бишімбаев жұбатады»: Полиция Шәріп Серіктің арызын қанағаттандырмады

/
«Қуандық Бишімбаев жұбатады»: Полиция Шәріп Серіктің арызын қанағаттандырмады
Ғаламтор

Біраз уақыт бұрын белгілі актер Шәріп Серік құрбысына қол көтеріп, басы дауға қалған болатын, деп жазады turkystan.kz.

Осы шулы оқиғадан кейін белгісіз желі қолданушысы жасанды интеллект арқылы Қуандық Бишімбаевтың Шәріп Серікті жұбатып отырған видео жасаған. Актер осы ролик үшін авторды сотқа берген. Бірақ полиция бұл роликтен ешқандай заң бұзушылық таппады.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Видеоматериалды жасау барысында жеке өмірге қолсұғу, дербес деректер және азаматтардың өзге де құқықтарын бұзу белгілері анықталған жоқ. Тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты өтініш қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары