Бразилияда екі жастағы бала абайсызда анасын атып өлтірді. Бұл туралы 16 маусым күні Globo телеарнасы хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
Оқиға өткен жұмада Риу-Верди-ди-Мату-Гросу қаласында болған. Бақылау камераларына жазылып қалған бейнежазбада баланың ата-анасымен бірге аулада жүргені көрінеді. Сол сәтте бала үстел үстінде жатқан тапаншаны алып, анасын көздеп, оқ атқан.
Анасы ауыр жарақат алып, салдарынан ауруханада көз жұмды. Тапанша баланың әкесіне тиесілі болған және қару заңды түрде тіркелген. Полиция қару мен оқ-дәріні тәркілеп, әкесін уақытша ұстаған, кейін ол түсініктеме берген соң босатылған.
Қазіргі сәтте бала отбасының қарауында.