Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған болатын.
Білімі:
1992-1997 жж. – Варшава университетінің Халықаралық қатынастар институтын бітірген (Польша);
2014-2026 жж. – Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди ат. Мемлекеттік басқару мектебінің мемлекеттік басқару магистрі (АҚШ).
Саяси ғылымдарының кандидаты (2004 ж.)
Қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкілі.
2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.
2019–2022 жж. – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші уәкілі.
2018–2019 жж. – Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.
2016–2018 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.
2010–2014 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы.
2008–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаментінің директоры.
2008 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары.
2007–2008 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2000–2005 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі.
1997–2000 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың аға ғылыми қызметкері.