Бір топ Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға бағалы ішік сыйлады

/
Бір топ Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға бағалы ішік сыйлады

Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясова жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенованың үйіне арнайы барып, сый-cыяпат көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Халық әртістері атақты әншіге тілектерін айтып, бағалы ішік тарту еткен.

«Мақпал екеуімізден бөлек, тағы бір Халық әртісі — Роза Рымбекова бар, үшеуіміз сізге құрмет көрсеткіміз келді. Бірақ Роза Ақтөбедегі іс-шараға аттанып кеткендіктен келе алмады», - деді Майра Ілиясова.

Олар дастархан басында дәм татып, өнер майталманының көңілін сергітті. Әдемі отырыстан кейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін «Еңбек Ері» деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таң қалдым. Арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары