Атақты футбол клубының акционері тағамға қақалып қайтыс болды

/
Атақты футбол клубының акционері тағамға қақалып қайтыс болды

Польшаның «Висла» клубының инвесторы Томас Кокосински көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Польшадағы «Висла» (Краков) футбол клубының ірі инвесторы Томас Кокосински 4 маусым күні Краков қаласындағы мейрамханалардың бірінде кешкі ас ішіп отырғанда, вареники жеп жатып тамағына тұншығып қалған. 

Кәсіпкер Польшаға «Висла» клубының 5 миллион доллар тұратын миноритарлық үлесін сатып алу келісімін аяқтау үшін барған. Алайда ас ішу кезінде күтпеген оқиға орын алып, ол гипоксияға – яғни, ағзада оттегінің жетіспеуіне ұшыраған.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген Кокосински бірнеше күн бойы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дегенмен 11 маусым күні ми қызметінің толық тоқтауына байланысты аппараттан ажыратылып, көз жұмды.

Айта кетейік, Томас Кокосински 2010 жылдан бері металл өңдеу саласына маманданған Metalogic Industries компаниясының президенті қызметін атқарған.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары