Ғалымдар алғаш рет Күннің полюстерін түсірді

/
Ғалымдар алғаш рет Күннің полюстерін түсірді

Еуропалық ғарыш агенттігінің Solar Orbiter аппараты Күнді Жер орбитасының жазықтығынан тыс бұрышпен бақылап, алғаш рет оның полюстерінің суреттерін алды, деп хабарлады turkystan.kz.

2025 жылдың ақпанынан бастап аппараттың орбитасы Күн экваторына қатысты 17 градусқа еңкейтілген. Бұған дейін Күн тек «экваторлық» бағыттан түсіріліп келген. Енді ғалымдар жұлдыздың оңтүстік полюсін көре алды.

Бақылау кезінде үш ғылыми құрал қолданылған. Олар: PHI – Күннің беткі магнит өрісінің картасын жасап, оны кәдімгі жарықпен суреттеді, EUI – Күннің ыстық сыртқы қабығы – коронаны ультракүлгін сәуледе көрсетті, SPICE – Күн атмосферасының әртүрлі қабаттарын зерттеді.

Наурыз айында жүргізілген алғашқы бақылау Күннің оңтүстік полюсінде қарама-қарсы магнит өрістерінің қатар жүргенін көрсетті. Бұл құбылыс тек күн белсенділігінің шегіне жеткенде байқалады. Ғалымдар Күн алдағы 5-6 жылда белсенділіктің төменгі фазасына өтеді деп отыр.

Сондай-ақ, SPICE құралы Күн заттарының қозғалыс жылдамдығын өлшеп, күн желінің қалай пайда болатынын түсінуге көмектесті.

2029 жылы аппарат орбитасының еңкеюі 33 градусқа жетпек. Бұл Күн полюстерін одан әрі дәл зерттеуге жол ашады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары