Астанадағы «Кернай» тұрғын үй кешенінде ер адам 8-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
Тергеу органдары бұл қайғылы жағдайдың кездейсоқ оқиға, әлде әдейі жасалған әрекет екенін анықтап жатыр.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы белгісіз. Қазір тексеру жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.