Елдің ақшасын санаған дұрыс емес, бірақ... – Ләйлә Сұлтанқызы

/
Елдің ақшасын санаған дұрыс емес, бірақ... – Ләйлә Сұлтанқызы
Ғаламтор

Күні кеше Сәкен Майғазиев жалғыз ұлы Әділеттің үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Тойдан тікелей трансляция ұйымдастырып, халықты оған 1380 теңге төлетіп қатыстырған еді, деп жазады turkystan.kz.

Осы орайда белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да өз ойын ортаға салып, тойдың таң-тамаша қылған тұстарын тізді.

"Біреудің ақшасын санаған жақсы емес, бірақ ғажап әсер сыйлаған, қызмет еткен адамдарды санап шықтым. Расымен, әдемі кештің куәгері болдық. Тікелей эфирді 8 000 мыңдай көрермен тамашалады. Ал нақты қанша адам тіркелгенін білмедім.

  • Шақырылған қонақтар-1000 жуық. Жартысы танымал тұлғалар.
  • 100-ден аса адам қызмет көрсетті.
  • 30-дан астам координатор тер төкті
  • 15 жүргізуші той тізгінін ұстады
  • 100-ге жуық музыкалық номер қойылды
  • 20 адам декорацияға жауап берді
  • 30 қызметкер жарық, дыбыс, сахна сыртында жүрді
  • Режиссер, продюсер, видеоинженердің қоспағанда тікелей эфирде 20 камера, 20 оператор жұмысын жасады
  • 12 сапалы бейнеролик көрсетілді", - деп жазды ол. 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары