«Ұлым ажырасқан»: Бұрынғы және қазіргі келіндерімен бірге отырған Шахизада жұртты тәнті етті

/
«Ұлым ажырасқан»: Бұрынғы және қазіргі келіндерімен бірге отырған Шахизада жұртты тәнті етті
видеодан скриншот

Белгілі әнші Шахизада бұрынғы және қазіргі келіндерімен көзге түсті. Әншінің екі келінін екі жағына алып, көңілді отырғанын көруге болады, деп жазады turkystan.kz.

«Түсінбей жатқандарға, айтып өтейін: Лаззат-менің бірінші келінім, ұлым екеуі ажырасып кеткен кезінде, ал Шынар-ұлымның қазіргі келіншегі, бүгінгі таңда барлығымздың арамыз тату, Аллаға шүкір, өйткені немерелер бар. Осындай кішігірім отбасымыз жайлы факт», - деп жазған видеоға.

Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

«Бірінші келініңізбен жақсы болсаңыз ажырауға жол бермес едіңіз.Енді бұлай халыққа жариялаудың қажеті жоқ. Ренжімеңіз. Ана қызға обал . Ол ажырасамын деп тұрмысқа шыққан жоқ. Қолдаудың жоқтығының нәтижсінен осындай жағдай болып жатыр қоғамда. Ұрпақтың қамын, келіннің жайын қайын жұрт ойламайды. Сосын құмырсқа сияқты қыбырлап аяқтан тұру керек.Сағаттар сырғиды, секундттар өтеді,бірақ көңіл мәңгілікке қалады».

«Айтуға оңай ақылды, дана деп.Сендер екінші әйелдің ішіне үңілдіңдерма?Күйеуінің бірінші әйелімен сөйлесіп тұрғаны оған травма, бастарыңа түссе көрер едім сайрағанды», - дейді олар.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары