Лондондық «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншысы Қазақстан құрамасы сапында ойнауға ниет білдіріп отыр

/
Лондондық «Арсенал» клубының бұрынғы ойыншысы Қазақстан құрамасы сапында ойнауға ниет білдіріп отыр
borodabata.kz

Грекиялық ОФИ командасының 27- жастағы ойыншысы Илиас Хадзитеодоридис Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды BorodAbata.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшының әкесі мен шешесі Қазақстанда дүниеге келген.

Лондондық «Арсенал» академиясында шыныққан ол ОФИ сапында Грекия кубогінің финалына дейін жетіп, әйгілі «Олимпиакос» (0:2) командасына есе жіберген болатын.

Футболшы Қазақстан құрамасы сапына қосылуға әрі мұны бапкерлермен талқылауға дайын екенін жеткізген.

Илиас Хадзитеодоридистің ата-анасы 90-жылдары Шымкентте тұрған, сосын Грекияға қоныс аударған. Илиас Грекия жастар құрамасында доп тепкен, алайда ересектер құрамасына шақырту әлі алмаған. 

Ол Англияда «Арсенал» клубынан бөлек, «Брендфорд» және«Челтнем Таун» командаларында ойнаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары