Елімізде онкологияға шалдыққандардың 20 пайызы ауру асқынған кезде көмек сұрап келеді – мамандар

/
Елімізде онкологияға шалдыққандардың 20 пайызы ауру асқынған кезде көмек сұрап келеді – мамандар
istockphoto.com

Онкологияны ерте анықтау – тиімді емдеу нәтижесінің негізі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, пациенттер 20%-ға жуық жағдайда көмекке ауру асқынған кезде жүгінеді.

«Жыл сайын 20 өңірлік және 2 Ұлттық онкологиялық орталықта 57 мыңнан астам хирургиялық операциялар жасалды, оның 20%-ы - III-IV санаттағы күрделі операциялар», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұл ретте Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Мұқажанов Қазақстанда қатерлі ісік ауруын диагностикалау және емдеу үшін барлық жағдай жасалғанына назар аударды.

«Келесі аптадан бастап қалқанша безі қатерлі ісігін емдеуге арналған 8 радиоактивті бөлім жұмыс істейді. Тамыз айында протон терапиясы орталығы ашылады – бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы сәулелік терапиямен емдеуде жұмсақ әсері бар жалғыз орталық. Мен емдеу мекемелеріне ерте кезеңдерде, алғашқы белгілер байқалғанда жүгінуге шақырамын», – деді спикер.

Сондай-ақ онкологиялық орталықтарда пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары