Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сотта бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған жұбайы – Карина Госманды (бұрынғы тегі Мамаш) азаптады деген айып тағылып отыр.
Судья Артур Абдыханов жәбірленуші тараптың істі жабық сот отырысында қарау туралы өтінішін қанағаттандырды.
Айыпталушы тарап, керісінше, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ашық сот процесін талап етті, бірақ Сәкен Мамаш өзінің фотосуреттері мен жеке деректерін жарияламауды сұрады.
«Сот жәбірленуші тараптың өтінішін ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Негізгі сот талқылауының дайындық бөлігін ашық түрде, ал сот тергеуін жабық отырыста өткізу», — деп жариялады судья.
Соттың қорытынды шешімі ашық сот отырысында жарияланады.