Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында әйелін сабады деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
БАҚ мәліметінше Карина Мамаш істің материалдарында олардың отбасылық өміріне қатысты интимдік мәліметтер бар болғандықтан, процесті жабық өткізуді сұраған. Карина Мамаштың айтуынша, оның балалары бар және олардың болашақта бұл істің егжей-тегжейін білгенін қаламайды.
Сәкен Мамаш ашық сот отырысын өткізуді сұраған. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.