Бұл туралы Spiegel басылымы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
Сәбиді Ватикан маңында волейбол ойнап жүрген екі әйел байқап қалған. Олар алғашында мәйітті қуыршақ деп ойлаған. Сәбидің денесінен жарақат іздері анықталған.
Кейінірек оқиға орнын қарап жүрген тергеушілер жолдың қарсы бетіндегі бұта арасынан ересек әйелдің денесін тапты. Ол қап-қара қоқыс салатын пакетке оралған. Әйел киімде болғанымен, жеке құжаттары табылмаған.
Дененің бұзылуына байланысты кім екені әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар — ана мен қызы. Алайда бұл дерек ДНҚ сараптамасы арқылы нақты дәлелденуі тиіс. Қазірше не болғаны белгісіз, бірақ тергеу бұл жағдайды қасақана жасалған қылмыс болуы мүмкін деп отыр.