Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы 508,5 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осылайша өткен бейсенбімен салыстырғанда 1,66 теңгеге төмендеді.
Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталар орта есеппен келесідей бағамен сатылып жатыр:
доллар: сатып алу – 509-509,5 теңге, сату – 510,5-511 теңге;
еуро: сатып алу – 580-582 теңге, сату – 584-585 теңге;
рубль: сатып алу – 6,28-6,35 теңге, сату – 6,41-6,43 теңге.
ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррельге 66,7 долларды құрайды.