Астанада алдағы күндері найзағай ойнап, нөсер жауып, дауыл тұрады

/
Астанада алдағы күндері найзағай ойнап, нөсер жауып, дауыл тұрады
istockphoto.com

Елорда тұрғындары 7-8 мамыр күні тұрақсыз ауа-райына дайын болуы керек. Синоптиктер найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейетінін ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

7 маусым

Күндіз ауа температурасы +25-тен +27 градусқа дейін, түнде +18-ден +20 градусқа дейін. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтілуде, кей жерлерде қысқа мерзімді, бірақ күшті жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетіп, екпіні 15-20 м/с дейін болуы мүмкін.

8 маусым

Екінші демалыс күні температура төмендейді: күндіз +20-дан +22 градусқа дейін, түнде +15-тен +17 градусқа дейін болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашын жалғасып, қайтадан найзағай болуы мүмкін. Жел әлі де күшті болады, 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ұзақ серуендерден, әсіресе балалармен бірге жүргенде, бас тартқан жөн, сондай-ақ жолда абай болу қажет – найзағай мен қатты жел қозғалысты қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, машиналарды ағаштардың және жарнамалық билбордтардың астына қалдырмауға кеңес беріледі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары