Бүгінде көпшілік "Айт күндері кір жуып, үй тазалауға бола ма?" деген сұраққа қызу пікірталас жүргізеді. Бұл сауалға имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді.
«Айт күні үй тазаламайды деген ата-бабамыздан қалған дәстүр бар. Шын мәнінде солай. Неге? Өткені айт — бұл мереке. Айт күні адам деген тамақ жеп, елді күтіп алып, дастархан жайып, жақсы ниетте жүру керек», — деді имам.
Оның мәлімдеуінше, қасиетті айт күндері кір жуып немесе үй тазаласаңыз, бұл мұсылман қауымның мерекесіне деген құрметсіздік ретінде саналады.
«Бұл күндері кір жуып, үйде жұмыс істеп жатсаңыз, бұл айтқа деген құрметсіздік. Келген адамды елемеушілік болып табылады. Сондықтан айт ата-бабамыздың дәстүрі бойынша жұмыс істелінбей, қыдырып, жақсы тынықтайтын күн», — деді ол.