Елімізде танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде денсаулығының күрт нашарлап, түрлі дәрі-дәрмек ішіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Денсаулығының күрт нашарлағанын тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында хабарлады.
«Қайрекең қайтқалы үш жылға таяды. Психологиялық сырқаттың талай түрін бастан кешірдім. Дәрі-дәрмектің де түр-түрін ішіп көрдім. Қандай психологиялық дерт болса да, бәрі басымнан өтті.
Осындай сәтте жаныңдағы жақындарың мен достарыңның қолдауы өте маңызды. Уақыт емдемейді, тек жараның бетін сәл жазады…
Мен мұны неге жазып отырмын? Әр адам түрлі кезеңдерді бастан кешіреді. Қателесу, әлсіз болу, сағыңның сынуы бұл қалыпты жағдай. Мойындап қабылдай біліңіз, ұят емес, ештеңе етпейді.
Инстаграмның ар жағындағы өмір мүлде басқа. Жылтыраққа ұмтылып, көп ресурсыңызды қажеті жоқ дүниеге жұмсамаңыз. Ортаңыз сенімді болсын, балаларға дұрыс тәрбие беріңіз, менталдық саулығыңызды бірінші орынға қойыңыз», — деп жазды ол.