Қызылорда облысында жүргізуші сиырды қағып кетіп, оны сол жерде бауыздап, етін алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жауапкер жолда автокөлік жүргізіп келе жатып, талапкерге тиесілі сиырды қағып кеткен. Осылайша, жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасаған. Оқиға орнында жауапкер сиырды бауыздап, етін өзімен бірге алып кеткен.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс полиция инспекторының қаулысымен тоқтатылған.
«Істі қарау барысында тараптар өзара келісімге келгенін мәлімдеді және соттан медиация тәртібімен жасалған келісімді бекітуді сұрады. Медиациялық келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талапкерге 2025 жылғы 5 маусымға дейін 150 мың теңге төлеуге міндеттенді. Талапкер жауапкерден 350 мың теңге өндіру туралы талабынан бас тартты», — делінген сот хабарламасында.
Сот тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.