Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 511,67 теңгені құрап, 0,47 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталар келесідей бағамен саудаланып жатыр:
доллар: сатып алу – 510-511 теңге, сату – 512,5-513 теңге;
еуро: сатып алу – 580-581 теңге, сату – 584-585,5 теңге;
рубль: сатып алу – 6,35-6,4 теңге, сату – 6,45-6,5 теңге.
ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррельге 65,8 долларды құрайды.