Дәрігерлер екі аяғын кескен 8 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты

/
Дәрігерлер екі аяғын кескен 8 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты
фото: inbusiness.kz

Астанада автобус бағанаға соғылған жол апатында 8 жастағы қыз бала зардар шегіп, оның екі аяғын бірдей кесіп тастаған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қыз бала әлі де жансақтау бөлімінде, бірақ есін жиған, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлердің бақылауында. Бүгін жағдайы жақсарса, оны бейінді бөлімге ауыстыру мүмкін. Қасында анасы болады, балаға күтім жасайды. Сонымен қатар, біз психологтарды да қосып жатырмыз – әрі қызбен, әрі анасымен жұмыс істеу үшін», – деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Дәрігерлер тағы екі зардап шеккен адамның жағдайы туралы да айтты.

«Жансақтау бөлімінде жатқан әйел политравма бөліміне ауыстырылды. Өміріне қауіп жоқ. Үшінші пациент те бөлімшеде стационарлық ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты, нашарлау жоқ», – деп толықтырды олар.

Апаттан зардап шеккендерге медициналық және сақтандыру сараптамаларынан кейін өтемақы төленетінін әкімдік растады.

Еске салсақ, 2 маусым күні кешке Астанадағы Республика даңғылында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Қалалық жолаушылар автобусы бағанаға соғылды. 10-нан астам адам зардап шекті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары