ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісі бүгін, 4 маусым күні, Астана уақытымен 08:06-да тіркелді. Эпицентрі Қазақстан аумағында (Жетісу облысында), Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.
Еске сала кетейік, 23 мамыр күні күндіз Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде 4 балдық жер сілкінісі болған еді.