Алматыда психикалық орталықтан қашып кеткен екі пациент іздестіріліп жатыр

/
Алматыда психикалық орталықтан қашып кеткен екі пациент іздестіріліп жатыр
istockphoto.com

Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан екі адам қашып кеткен. Оқиға 31 мамыр күні кешкі уақытта болған. Екеуінің де психикалық ауытқуы бар және медициналық бақылауды қажет етеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қашып кеткендерге сипаттама:

Павел Лавров, 1992 жылы туған:

Бойы: 157 см

Дене бітімі: орташа

Шашы: қою

Көзі: қоңыр

Ерекше белгілері: білегінде тыртықтар бар

Қашып кеткен кездегі киімі: қара футболка мен шорты, аяғында шәркей болған.

Денис Антипин, 1991 жылы туған:

Бойы: 180 см

Дене бітімі: орташа

Шашы: қара-қоңыр, ақ шалы бар

Көзі: қоңыр

Ерекше белгілері: сол көзінің жанында қалы бар

Қашып кеткен кездегі киімі: ақ футболка, қара шорты, ашық түсті шәркей.

Еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ер адамдарды көрген немесе олардың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе іздеу топтарының ресми ресурстарында көрсетілген нөмірге хабарласу сұралады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары