Жақында шаңырақ көтерген актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров Мальдив аралдарында, мұхит жағасында романтикалық кешкі ас ішкенін көрсетті. Күн бұзылып кетсе де, ерлі-зайыптылардың көңіл күйі түскен жоқ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сәкен Қағаров әйеліне мұхит жағасында романтикалық кешкі ас ұйымдастырғысы келгенін айтады. Бірақ аяқ асты жел тұрып, артынан жаңбыр құйған. Бірақ жастар күн райының қолайсыздығын көңіліне алмай, жағдайға күле қараған.
"Бұл нөсер көңіл күйімізді тіпті көтеріп жіберді", - дейді Сәкен.
"Қызығы сонда, жай ғана кешкі ас болса, мұндай эмоция тудырмас еді! Керемет", "Шынында да керемет, ұйықтар алдында фильм көріп, осы оқиғаны еске түсіруге болады", "Айжұлдыздың күлкісі миллионға тұрарлық", "Супер", "Есіңде қалатын бірдеңе болады", "Неткен романтика, өмір бойы естеріңде қалар", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.