Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі жақын ортасы жайын сөз қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.
Динара Майғазиева әлеуметтік желідегі парақшасында құрбыларының жас ерекшелігіне тоқталды.
"Құрбыларымның жас айырмашылығы әртүрлі… Бірі менен әлдеқайда үлкен – ақылшы, бірі – құрдасым, ал енді бірі – менен кіші болса да, ойы – терең, сөзі – салмақты. Жастары әртүрлі болса да, бәрі бір-біріне ұқсамайтын ерекше мінездерімен менің жанымнан табылды. Той қарсаңында әрқайсысының айтқан ақылы, сыйлаған қолдауы мен үшін қымбат. Осындай сәтте жанымда осындай арулардың болуы – менің ең үлкен бақытым. Ал сіздің өміріңізде жасына қарамай жан дүниеңізбен түсінетін құрбыңыз бар ма?", - деді Динара Майғазиева.