Ресей тұрғыны түшкірігін тұншықтырып, өңешін жыртып алған

/
Ресей тұрғыны түшкірігін тұншықтырып, өңешін жыртып алған
istockphoto.com

Ресейдің Карелия аймағында тұратын 34 жастағы азамат түшкірігін тұншықтырып, өңешін жыртып алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам тамақ жұтқанда өңеші ауыратынын әрі дауысы өзгергенін айтып, дәрігердің көмегіне жүгінген.

Ол түшкірігін тұншықтырып, мұрнын қысып ұстағаннан кейін өзін нашар сезіне бастағанын айтады. Біраз уақыттан соң мойны ісіп кеткенін байқаған.

Дәрігерлер оның өңеші жыртылып кеткенін анықтады.

«Түшкірмеу үшін мұрынды қысып ұстау – қауіпті, мұны істеуге болмайдыү Мұның салдарынан көкірек эмфиземсасы, құлақ жарғағының тесілуі, тіпті бас миы қан тамырларының үзілуі мүкмін», – дейді дәрігерлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары