Танымал кәсіпкер Нұрлан Жанай өзінің Instagram-дағы парақшасында қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзов туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бізде адамдар қызық әрі өте екіжүзді. Мысалы кезінде Баян Мақсатқызы күйеуімен ажырасқан кезде бәрі Баянды жамандады. Күйеуге шығып жатқан кезде, Қазақстанда Тұрсын Алагөзовтен жаман еркек болған жоқ. Барлығымыз Баян мен Тұрсынды жерден алып, жерге салдық.
Ал енді 100 үй сыйлап еді, бүкіл Қазақстан мақтап, к**іне кіріп жатыр. Мақтап, жағымпазданып жатыр. Кедейлерге, төмен таптағы адамдарға ұнайды үй берген. Кеңестік ой ғой. Байлар бірдеңе үлестірсе соларды қолдайды, мақтайды. Қандай сусын болса да оның барлығы денсаулыққа зиян. Тұнып тұрған қант, оны іше берсең диабетпен өлесің. Бірақ, бізге үй берсе уды да ішуге дайынбыз», — дейді кәсіпкер.