Жол-көлік оқиғасы 2 маусым күні сағат 23:30 шамасында Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылынан 7 шақырым жерде, айналма жолдағы жаңа көпір маңында орын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, LADA Kalina көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, КамАЗдың бүйірінен соққан, содан кейін инерциямен артынан келе жатқан DAV автокөлігіне соқтығысқан.
"ЖКО нәтижесінде LADA Kalina жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал жеңіл көліктің жолаушысы түрлі жарақаттармен Қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
Көліктер айыптұрағына қойылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.