Шерзат Полат өлімі: Айыпталушыларға үкім шығатын күн белгілі болды

/
Шерзат Полат өлімі: Айыпталушыларға үкім шығатын күн белгілі болды
видеодан скриншот

Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Кешеден бері жарыссөз өтіп жатыр. Кеше мемлекеттік айыптаушылар мен адвокаттар соңғы сөздерін айтса, бүгін айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осымен бірнеше айға созылған сот процесі аяқталды. Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

«Үкім 2025 жылғы 5 маусымда, сағат 16:00-де жарияланады», - деді судья Ержан Жанұзақов.

Айта кетейік, бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соттан әділ жаза тағайындауды сұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары