«Осы жаста сізді уайымға салып қойғаным үшін кешірім сұраймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан тебірентерлік жазба жариялады

/
«Осы жаста сізді уайымға салып қойғаным үшін кешірім сұраймын»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан тебірентерлік жазба жариялады
жеке парақшасынан

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасын туған күнімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

«Бала кезімнен бұл күнді тек менің Анамның күні деп қабылдайтынмын, кейін өсе келе Анашымның дәл осы күнге әбден лайықты жан екенін білдім. Бекзададай дархан көңілі бар, кіршіксіз таза пейілі бар, ақ ниетті жүрегі бар, айналасына мейірімін шуақтай шаша білетін нұрлы жүзі бар, өте сабырлы АНА – ол менің анашым, Бекзада», – дейді актриса.

Ол осы жасқа келгенше уайымға салып қойғаны үшін анасынан кешірім сұрады.

«Әр сынағыма, жіберген қателігіме өзіңіз куәсіз, сол үшін алдыңызда ұяттымын… Десе де, ешкімнің сөзіне де, көзіне де, сынына да қарамастан дер кезінде, үнсіз ғана менің және төрт баламның жанынан табыла білдіңіз. Мама, қолдағаныңыз үшін, сол тығырықтан шығуға санама сәуле, кеудеме сенім бергеніңіз үшін мың мәрте рақмет айтамын, мен алдыңызда мәңгі қарыздармын. Мәңгі бас иемін! Ендігі кезек қайырлы қуанышта! Сіздің жаңа жасыңызбен тұспа-тұс келген жақсы жаңалықтар бекер емес деп білемін. Сіздің дұғаңызбен тілеуіңіз қабыл болды! Ендігі кезең тек жақсылықтың легі болғай. Сіздей анамның барына сансыз шүкір! Мен сізбен мақтанамын, мен сізбен марқаямын», – дейді сөз соңында актриса.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары