Атырау облысында қайтарылған қаражатқа жаңа мектеп салынып жатыр

/
Атырау облысында қайтарылған қаражатқа жаңа мектеп салынып жатыр
Бас прокуратура

2025 жылғы 30 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 110 орны бар жаңа мектеп-интернат құрылысының іргетасына «уақыт капсуласын» салу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа мектеп-интернат мемлекетке заңсыз жолмен иемделіп, кейін қайтарылған активтер есебінен салынуда. Бұл -әділеттіліктің қалпына келіп, ел игілігіне қызмет етіп жатқандығының айқын дәлелі, яғни, білімге қолжетімділік, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруы.

Ауылда осы күнге дейін 60 орындық бастауыш мектеп қана жұмыс істеп келген, онда акт және спорт залдары болмаған. Жоғары сынып оқушылары күн сайын ондаған шақырым қашықтыққа қатынап оқуға мәжбүр болды. Жаңа интернат Жамансор мен оған жақын елді мекендердің балаларын сапалы біліммен қамтамасыз ететін болады.

Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан ел бойынша қаржыландырылып жатқан 333 әлеуметтік нысанның біріне жатады.

Өз сөзінде Ғ. Садырбеков мұндай көлемдегі әрі маңызы зор жобалар Конституциялық құндылықтар мен «Заң мен Тәртіп» идеологиясының, сондай-ақ Мемлекет Басшысының әділетті саясатының тікелей көрінісі екенін атап өтті.

Жергілікті ақсақалдардың батасынан кейін шара қатысушылары салтанатты түрде уақыт капсуласын қойып, жаңа мектеп тарихының бір бөлігіне айналатын арнайы альбомға өз тілектерін қалдырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары