Діни алауыздықты қоздырған 12 қазақстандық сотталды

/
Діни алауыздықты қоздырған 12 қазақстандық сотталды
istockphoto

27 мамырда діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық бойынша сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"Жүргізілген тергеу барысында сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды", - делінген комитет хабарламасында.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін сотты болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары