Елордада 1 маусым күні бірнеше көше жабылады

/
Елордада 1 маусым күні бірнеше көше жабылады
istockphoto

Астанада 1 маусым күні Astana Half Marathon кезінде кейбір көшелер жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Биыл жарысқа 30-дан астам елден 8 000 адам қатысады. Жартылай марафон кезінде қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады", - деп жазылған хабарламада.

Жүгіру бағыты Тәуелсіздік алаңынан басталып, "Арқар" және Сығанақ-Мәңгілік Ел көпірлері арқылы өтеді. Қатысушылар "Ақорда", Есіл жағалауы, "Бәйтерек", Abu Dhabi Plaza және EXPO нысандарының жанынан жүгіріп өтеді.

Көлік қозғалысына қойылған шектеулер кезең-кезеңімен алынып, сағат 10:00-де толық қалпына келтіріледі.

Көлік қозғалысы 31 мамыр күні 06:00-ден 1 маусым 11:00-ге дейін мына бағыттарда кезең кезеңімен шектеледі: Тәуелсіздік даңғылы Ж.Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін;

06:50-08:30: Сарайшық көшесі Р.Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін;

07:00-07:50: Д.Қонаев көшесі Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейін;

07:00-07:50: Қазақ радиосы көшесі, Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;

07:00-07:50: Достық көшесі Қазақ радиосы көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;

07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:00-08:50: Ақмешіт көшесі Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін (EXPO аумағы бойынша);

07:40-09:25: Түркістан көшесі Ақмешіт көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін;

07:45-09:40: Түркістан көшесі Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;

07:50-09:45: Сығанақ көшесі Түркістаннан И.Панфилов көшесіне дейін;

08:00-09:55: И.Панфилов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:20-09:50: Ж.Нәжімеденов көшесі, Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

08:00-09:55: Тәуелсіздік даңғылы, И.Панфилов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін.

Автокөлікпен старт алаңына жету үшін ұсынылған бағыттар:

Тәуелсіздік даңғылы арқылы Р. Қошқарбаев даңғылына дейін;

"Нұрлы жол" теміржол вокзалы жағынан Ж.Нәжімеденов көшесімен;

Әл-Фараби даңғылы арқылы И. Панфилов көшесіне дейін.

Жолдарда кептеліс болуы мүмкін, сондықтан қатысушыларға Тәуелсіздік алаңына автобуспен келу ұсынылады – жақын маңдағы аялдамаларға дейін.

Айта кету керек, Тәуелсіздік алаңындағы старт қалашығы маңында көлік тұрағы болмайды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өзгерістерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары