«Ұлттық қор – балаларға»: 888 млн доллар аударылды

/
«Ұлттық қор – балаларға»: 888 млн доллар аударылды
istockphoto

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында аударылған жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.

"2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты. Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады:

тұрғын үй жағдайларын жақсарту,

білім беру ақысын төлеу үшін.

Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал етеді.

Еске сала кетейік президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасын іске асыру қолған алынған еді. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары