Шымкентте мас күйінде анасын ұрып-соққан ер адам 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. Ер адам Көксай-2 шағын ауданындағы үйінде анасы екеуінің арасында жанжал туындап, нәтижесінде ол жәбірленушіге дене жарақатын салған.
Ұрып-соғу әрекеті жәбірленушінің денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтірмеген, – делінген ресми мәлімдемеде.
Сот барысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған, алайда анасы оны кешірмейтінін білдірген.
Сот шешімі бойынша ол ҚР ҚК-нің “Ұрып-соғу” бабымен 12 тәулікке әкімшілік жазаға тартылды. Үкім заңды күшіне енді.