Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 31 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,51 теңге. Еуро — 578,59
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 577, сату құны — 582.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 576 теңгеден сатып алынып, 583 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 — 6,53 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 30 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,69 теңгеге қымбаттап, 510,81 теңге болған.