Жалаңаяқ жүру – омыртқаны тік, түзу ұстауға көмектеседі, ағзаны шынықтырады. Табандағы ішкі органдармен байланысты нүктелерге қан жүгіртеді, деп жазады turkystan.kz.
Спортшылардың дәрігері, мануальды терапевт, реабилитолог, ЛФК дәрігері, кинезиолог Валерий Васильев табанда белсенді нүктелер бар екенін айтады. Жалаңаяқ жүрген кезде сол нүктелерге массаж жасалады. Сондықтан далада, жерде жалаңаяқ серуендеу қажет.
«Нүктелер дененің әр бөлігімен, ішкі ағзалармен байланысты. Мысалы үлкен бақай – баспен байланысты. Сәйкесінше шөп үстінде жалаңаяқ жүрсек ағза жақсы жұмыс істеп, сауыға түседі», - дейді Валерий Васильев.
Ол жалаңаяқ жүргенде омыртқа түзелетінін, адам тік жүретінін айтады. Себебі қатты немесе тар аяқ киім адам жүрісін бұзып, омыртқаға салмақ салады.
Сондай-ақ жалаңаяқ жүру ағзаны шынықтырады. Сол себепті жиі жалаңаяқ жүру керек. Әсіресе үйде тәбішкесіз жүрген жөн.