Өскемен қаласының Есенберлин даңғылында жолдың жүру бөлігінде трактор жанды. Құтқарушылар жанып жатқан тракторды сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ автокөліктің техникалық жай-күйін мұқият қадағалауды және уақтылы техникалық тексеру өтуді ескертеді. Көлікте істеп тұрған өрт сөндіргіш болғаны жөн.