Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің 100 қызметкеріне пәтер сыйлаған әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеожолдауында ол халықтың қолдауы мен жылы лебізіне алғысын айтты.
" Шын айтсам, мұны ешкім күтпеді. Мен де, тіпті Тұрсынның өзі де. Ол әлі де аң-таң, халық осылай қабылдайды деп ойламады", – деді Баян Алагөзова.
Оның айтуынша, Тұрсын Алагөзов бұл әрекетін қарапайым ғана түсіндірген:
"Мен тек өзімнің азаматтық борышымды орындадым. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсеткім келді", - деп айтқан Тұрсын Алагөзов.
Баянның айтуынша, жұбайы бұрыннан бері адамдарға көмектесіп келеді, алайда оны жария етуді құп көрмеген. Ол әрдайым көмек беріп жүреді, бірақ мұны көпшілікке айтпайды. Біз жақсылықты жария етпей жасауды жөн көрген. Дегенмен, бұл жолы продюсер бұл оқиғаның ел ішінде кеңінен тарағанын өзі қалағанын жасырмады. Себебі мұндай қадам басқа кәсіпкерлерге де үлгі болуы мүмкін екенін айтты.
"Ол 100 пәтер сыйлаймын деген шешім қабылдағанда, мен: “Тұрсын, бұл туралы халық білуі керек. Бұл өзге кәсіпкерлерге де серпін береді”, – деп айтқан жұбайына продюсер.
Тұрсын Алагөзовтің бұл әрекеті қоғамда кеңінен талқыланып, әлеуметтік желілерде алғыс пен құрметке толы пікірлерге ұласты.