«Сыныптасынан қызғанған»: Күйеуі 20 жылдық кездесуге барған әйелін атып тастаған

/
«Сыныптасынан қызғанған»: Күйеуі 20 жылдық кездесуге барған әйелін атып тастаған
әлеуметтік желіден

Ош облысының Өзген ауданында тұратын 40 жастағы тұрғын әйелін сыныптасынан қызғанып, атып тастаған.

Ош облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, күйеуі мектеп бітіргеніне 20 жыл толуын атап өткен кешке барған әйелін сыныптасынан қызғанған. Үйіне оралған әйелін ұрып, атып өлтірген. Белгілі болғандай, екеуі 5 бала тәрбиелеп отырған.

1987 жылы туған әйел аурухағана апарар жолда жан тәсілім еткен. Оның 40 жастағы күйеуі қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары