Қарағанды – Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

/
Қарағанды – Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
скриншот

Әлеуметтік желіде 28 мамыр күні Қарағанды – Балқаш тасжолында болған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы жүргізуші жоғары жылдамдықпен келе жатып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол бөлігіне кіріп кеткен. Бұл учаскеде асфальт ішінара алынып тасталған, яғни жол жамылғысының үлкен бөлігі қазылып тұрған.

Полиция өкілдері атап өткендей, жөндеу аймағында барлық қажетті ескерту белгілері орнатылған. Алайда жүргізуші белгісіз себептермен оларды елемей, жылдамдығын төмендетпестен қозғалысын жалғастырған.

Соқтығыс нәтижесінде жүргізуші мен оның жолаушысы жарақат алып, Балқаш қалалық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция олардың қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары