«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

/
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
istockphoto.com

Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясының жаңа иегерлері анықталды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен бұл стипендия 189 қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Биыл конкурстық іріктеу жаңа ережеге сай кезең-кезеңімен өтіп жатыр. Оның аясында кешенді тестілеу және жеке сұхбаттар жүргізілді.

"Жаңа стипендиаттардың жалпы санынан 164 азамат — магистратура, 10 азамат докторантурада оқиды. Сондай-ақ 15 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді", — делінген хабарламада.

«Болашақ» стипендиясының иегерлерінің толық тізімі: https://bolashak.gov.kz

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары