«Әлі күнге дейін өкінемін»: Актер Алмат Сақатов әйелін алып қашқанына өкінетінін айтты (ВИДЕО)

/
«Әлі күнге дейін өкінемін»: Актер Алмат Сақатов әйелін алып қашқанына өкінетінін айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Елімізге белгілі актер Алмат Сақатов өзінің TikTok-тағы парақшасында өмірінде жасаған ұрлығы туралы айтты, деп жазады turkystan.kz.

«Ештеңе ұрламаңдар, өкінесіңдер. Біреу жазыпты, 30 жыл бойы біреулер де ұрлады ғой депті. Мен өмірімде бір-ақ рет ұрлық жасадым. Сол ұрлығым үшін әлі күнге дейін өкініп келемін. Бір-ақ рет ұрладым! Қандай ұрлық жасадың дейсіздер ме? Әйелімді ұрлаған едім…», – деді актер.

Көпшілік өнер иесінің бұл әрекетін сынып, пікір қалдырған.

"Жеңгем қиын болып тұр ғой", "Әйелді ұрламайды алып қашады", "Алжи бастадың ба", "Жеңгем ренжиді ғой", "Бастысы елдің уақытын ұрлама", "Сен мысал айтпай-ақ қойшы", - деп жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары