«Автобусқа ақша жоқ»: әнші Нұрболат Қанай қиын сәтте кім көмектескенін айтты

/
«Автобусқа ақша жоқ»: әнші Нұрболат Қанай қиын сәтте кім көмектескенін айтты
Әлеуметтік желіден

Әнші Нұрболат Қанай алғашқы концертін берген жылдарды есіне алды. Әнші қаражат жағынан қатты қиналғанын ашық айтты, деп жазады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бірігіп дуэт жазған отандық әншілер Қанай мен Еркеш Хасен Қызық Live студиясына қонаққа келіп, шығармашылық жолындағы жоспарларын ортаға салды. Студияда қос әнші "Ханшайым" атты жаңа әнінің тұсауын кесіп, алғаш рет сахнада екінші дуэтін шырқады.

"Бұйырса екеуіміз бірге гастрольге шығайын деп жатырмыз. Әлі нақты күндері белгісіз. Құрметті қазақстандықтар, бұйырса екеуіміз сіздердің қалаларыңызға концертпен барып қаламыз. Сол кезде келіңіздер", - дейді Еркеш Хасен.

Одан бөлек эфир кезінде Нұрболат Қанай алғашқы концертін берген кезін еске алып, қандай қиындықтарды бастан кешіргенін айтып берді. Ол сол кезде қаржылай көмек көрсеткен бағдарлама жүргізушісі Марат Оралғазинге алғыс айтты.

"Марат, аға сізге көп-көп рақмет! Сіздің ең бірінше, ең алғашқы концертіме қолдау көрсеткеніңізге рақмет, Алла разы болсын! Ол кезде мен атобусқа ақша жоқ, жаяу жүретінмін. Концерт беретін кезде жетпей жатқан ақшаны берген сізге алғысым зор", - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары