Жетісу облысында жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісі 2025 жылғы 29 мамырда Астана уақыты бойынша 02 сағат 14 минутта тіркелді.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылынан 11 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 478 шақырым қашықтықта.
Жер сілкінісінің сезілетіндігі туралы мәліметтер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
ҚР ТЖМ жер сілкіністеріне байланысты ахуалды бақылауда ұстап отыр.