Нью-Йорк штатында 33 жастағы ер адам аяусыздықпен аяғы ауыр әйелін өлтіріп, екі қызына пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыстың себебі – үшінші баланың тағы да қыз болатыны еді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы New York Post жариялады.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Мейсонвилл қаласында болған. Дрю Гарнье 29 жастағы жүкті әйелі Самантаға бесінші айында шабуыл жасаған. Әйелі мен ішіндегі сәбиі – қыз бала – көз жұмған. Осыдан кейін ол 6 жастағы Иззи мен 9 жастағы Аделина есімді қыздарына пышақ сілтеген. Қос қыз тірі қалғанымен, ауыр жарақат алған. Тергеу кезінде Гарнье өз кінәсін мойындап, шабуыл себебі – ұл баланың орнына тағы да қыз дүниеге келетінін естігендегі көңілі қалғаны екенін айтқан.
Сот оны кінәлі деп танып, 30 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса, түрмеден шыққан соң 15 жыл бойы бақылауда болады. Гарньеге 2056 жылға дейін қыздарымен байланыс орнатуға тыйым салынған, тек егер олар өздері қаламаса.
Қазір қыздар анасының әкесі – нағашы атасының қамқорлығында.