Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 512,66 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,52 теңгеге өскенін білдіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 28 мамырдағы ресми доллар бағамы – 512,16 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы – 511,81 теңге, сату бағамы – 513,79 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 510,63 теңгеге сатып алып, 516,63 теңгеге сатып жатыр.
Еске сала кетейік, 26 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге, ал 27 мамырда 1,24 теңгеге өскен болатын.